2016 жылғы 7 қараша Астана, Үкімет Үйі
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ
арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі,
сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы №354 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 210-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мыналар:
«
5В060000 –
Жаратылыстану
ғылымдары 1470 211,9 423,9 114,3 228,6
»;
«
5В070000 – Техника ғылымдары және
технологиялар 10876 211,9 423,9 211,9 423,9 211,9 423,9 115,5 231,1
»;
«
5В080000 –
Ауыл шаруашылығы ғылымдары 1675 211,9 423,9 116,5 232,9
»;
«
5В120000 –
Ветеринария 670 211,9 423,9 116,5 232,9
»;
Резерв 50 114,3 228,6
».
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
5В060000 –
Жаратылыстану
ғылымдары 1468 211,9 423,9 114,3 228,6
»;
«
5В070000 –
Техника ғылымдары және
технологиялар 10785 211,9 423,9 211,9 423,9 211,9 423,9 115,5 231,1
»;
«
5В080000 –
Ауыл шаруашылығы ғылымдары 1669 211,9 423,9 116,5 232,9
»;
«
5В120000 –
Ветеринария 668 211,9 423,9 116,5 232,9
»;
Резерв 151 114,3 228,6
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ